Режимдер
Мәселе әр режимде қалай шешіледі
Қазақстан · ұлттық режимБірнеше жеке мәртебе
- цифрлық қаржы активтері платформасының операторы Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өтеді
- стейблкоиндерді қоспағанда, цифрлық қаржы активтерінің айналымын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі реттейді
- цифрлық майнинг лицензия негізінде жүзеге асырылады; майнинг пулдары аккредиттеуден өтеді
- Ұлттық Банк цифрлық активтермен және төлем қызметтерімен байланысты қызметке реттеудің ерекше режимін енгізеді; іріктеу белгіленген өлшемшарттар мен бизнес-жоспар бойынша жүргізіледі
Қазақстан · АХҚО / AFSA«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қағидалары
- АХҚО-да цифрлық активтерді шығару және айналымы АХҚО құқығымен реттеледі
- АХҚО-да фиаттық стейблкоиндерді шығару АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) авторизациясын талап етеді
- нақты токенді біліктілеу — Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеттің қағидалары бойынша
Шетелдік юрисдикцияларСұраныс бойынша бағалау
- токенизация және шығару режимдері елдерде әртүрлі
- ЕО-да MiCA регламенті қолданылады
- шетел құқығы — жергілікті кеңесшілермен
Қызметті біліктілеу нақты модельге байланысты: клиенттің контрагенті кім, активтер мен кілттер қайда сақталады, есеп айырысу қалай жүреді, қызмет кімге көрсетіледі. Мәліметтер 2026 жылғы қазандағы жағдай бойынша берілген және жобаны бағалау кезінде нақтыланады.