Режимдер
Мәселе әр режимде қалай шешіледі
Қазақстан · ұлттық режимҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу
- цифрлық активтердің сауда платформасының операторы есептік тіркеуден кейін Ұлттық Банктің тізіліміне енгізіледі
- есептік тіркеусіз қызметке жол берілмейді
- цифрлық қаржы активтері платформасының операторы тиісті тіркеу болған кезде сауда платформасының операторы бола алады
- құжаттар мен капиталға қойылатын талаптарды Ұлттық Банктің актілері белгілейді
Қазақстан · АХҚО / AFSAСауда-саттықты ұйымдастыруға «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) беретін лицензия
- АХҚО-да цифрлық активтермен сауда-саттықты ұйымдастыру — реттелетін қызмет (Operating a Digital Asset Trading Facility)
- оператор қағидалары: бизнес-қағидалар, активтерді жіберу, клиенттермен жұмыс
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап AIFC Rules on Digital Asset Activities жаңартылған редакциясы қолданылады
Шетелдік юрисдикцияларСұраныс бойынша бағалау
- биржалық қызмет юрисдикциялардың көбінде жеке авторизацияны талап етеді
- режимдерді капитал, персонал талаптары және нарықтарға қолжетімділік бойынша салыстырамыз
- шетел құқығы — жергілікті кеңесшілердің қатысуымен
Қызметті біліктілеу нақты модельге байланысты: клиенттің контрагенті кім, активтер мен кілттер қайда сақталады, есеп айырысу қалай жүреді, қызмет кімге көрсетіледі. Мәліметтер 2026 жылғы қазандағы жағдай бойынша берілген және жобаны бағалау кезінде нақтыланады.